14 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы  № 95

189 рет
көрсетілді
40 мин
оқу үшін
2015 жылғы 27 мамыр, Алматы қаласы Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нормативтік мәндері мен пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесін және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 30 наурыздағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нормативтік мәндері мен пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесін және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ұлттық Банк Төрағасы Қ.КЕЛІМБЕТОВ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төраға _____________ Ә. Смайылов 2015 жылғы 30 маусым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 95 қаулысымен бекітілді Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нормативтік мәндері мен пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесін және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нормативтік мәндері мен пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесін және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нормативтік мәндері мен пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесін және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді. Нұсқаулықтың мақсаттары үшін: сақтандыру сыйлықақысы болып исламдық сақтандыру қорындағы сақтандыру сыйлықақысы танылады; сақтандыру резерві болып исламдық сақтандыру қорында қалыптастырылған сақтандыру резерві танылады; сақтандыру төлемі болып исламдық сақтандыру қорынан жүзеге асырылатын сақтандыру төлемі танылады; актив болып исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және исламдық сақтандыру қорының активі танылады; қайта сақтандырушылардан алынуға тиіс сома болып исламдық сақтандыру қорында қалыптастырылатын қайта сақтандырушылардан алынуға тиіс сома танылады; қайта сақтандыру активі болып исламдық сақтандыру қорындағы қайта сақтандыру активі танылады. 2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшері 2. Жаңадан құрылатын исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін жарғылық капиталының ең аз мөлшері: «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия алған кезде – 1 100 000 000 (бір миллиард бір жүз миллион) теңге; «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия алған кезде – 1 200 000 000 (бір миллиард екі жүз миллион) теңге; «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия және исламдық қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде – 1 200 000 000 (бір миллиард екі жүз миллион) теңге; «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия және исламдық қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде – 1 300 000 000 (бір миллиард үш жүз миллион) теңге; қайта сақтандыруды айрықша қызмет түрі ретінде жүзеге асыру арқылы исламдық қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде – 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге болады. «Жалпы сақтандыру» саласындағы «ипотекалық сақтандыру» сыныбы бойынша лицензия алатын жаңадан құрылатын исламдық сақтандыру ұйымы үшін жарғылық капиталының ең аз мөлшері 1 600 000 000 (бір миллиард алты жүз миллион) теңге болады. 3. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымының және исламдық қайта сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері 4. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымының және исламдық қайта сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері Нұсқаулықтың 5 және 6-тармақтарында көзделген әдістер бойынша есептелген шамалардың біреуінің ең жоғарғы мәніне тең шаманы білдіріеді. 5. Төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін «сыйлықақы әдісін» пайдалана отырып есептеу тәртібі: 1) есептеу алдыңғы қаржы жылы үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының сомасын немесе алдыңғы қаржы жылы үшін еңбек сіңірілген жиынтық сақтандыру сыйлықақыларын негізге алып жүзеге асырылады, есеп үшін олардың ішіндегі ең жоғары шама алынады; 2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 50 пайызға ұлғайтылады; 3) алдыңғы қаржы жылы үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (еңбек сіңірілген жиынтық сыйлықақыларының) сомасы исламдық сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар сомасына, сондай-ақ негізгі қызметтен корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады; 4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес есептелген, 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайтын мөлшердегі сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 18 (он сегіз) пайызға көбейтіледі, қалған артық сомасы 16 (он алты) пайызға көбейтіледі. Алынған нәтиже қосылады және осы тармақтың 5) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне түзетіледі; 5) түзету коэффициенті алдыңғы үш қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі жиынтық сақтандыру төлемдері сомасының алдыңғы үш қаржы жылында есептелген жиынтық сақтандыру төлемдері сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 0,5-тен төмен болмауға тиіс. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,5-тен кем болса, онда есептеу үшін 0,5 алынады. Егер исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы алдыңғы үш қаржы жылында сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаған болса, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеу кезінде түзету коэффициенті қолданылмайды. 6. Төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін «төлем жасау әдісін» пайдалана отырып есептеу тәртібі: 1) есептеу үшін алдыңғы үш қаржы жылында есептелген жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасы пайдаланылады; Заңның 6-бабының 3-тармағының 13), 14) тармақшаларында көрсетілген, тәуекелдерді сақтандырумен ғана айналысатын исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін есептеу үшін алдыңғы жеті қаржы жылындағы жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасы пайдаланылады; 2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша жүзеге асырған жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасы 50 (елу) пайызға ұлғайтылады; 3) жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасы алдыңғы қаржы жылының соңында мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві сомасына ұлғайтылады және мыналарға: есепті қаржы жылының алдындағы үш жыл үшін қаржы жылының соңындағы мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві сомасына; осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін – есепті қаржы жылының алдындағы жеті жыл үшін қаржы жылының соңындағы мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві сомасына азайтылады; 4) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеу үшін мыналар пайдаланылады: осы тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген соманың үштен бір бөлігі; осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін – осы тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген соманың жетіден бір бөлігі; 5) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларына сәйкес есептелген 1 000 000 000 (бір миллиард) теңгеден аспайтын мөлшердегі сақтандыру төлемдері сомасы 26 (жиырма алты) пайызға көбейтіледі, қалған артық сома 23 (жиырма үш) пайызға көбейтіледі. Алынған нәтижелер қосылады және Нұсқаулықтың 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне түзетіледі. Егер исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаса, онда төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеу «төлем жасау әдісін» пайдаланбай жүзеге асырылады. 7. «Ипотекалық сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қабылдайтын исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері «ипотекалық сақтандыру» сыныбы бойынша есепті кезең соңында қолданыста болған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті кезең соңындағы сақтандыру сомасындағы қайта сақтандырушының үлесі шегерілген сақтандыру сомасының бес пайызына ұлғайтылады. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Заңның 26-баптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары болып табылатын тұлғалармен, сондай-ақ исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар не Заңның 32-бабына сәйкес еншілес ұйымы болып табылатын тұлғалармен «ипотекалық сақтандыру» сыныбы бойынша жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері есепті кезең соңында «ипотекалық сақтандыру» сыныбы бойынша қолданыста болған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті кезең соңындағы сақтандыру сомасындағы қайта сақтандырушының үлесі шегерілген сақтандыру сомасының 10 (он) пайызына ұлғайтылады. 8. Егер исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері алдыңғы қаржы жылындағы мөлшерден аз болса, есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері өткен жылдың осындай кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес есептелген резервтік коэффициентке түзетілген ең аз мөлшеріне тең болады. Егер өткен жылдың осындай кезеңдегі резервтік коэффициентке түзетілген төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерінен төмен болса, есептеу үшін есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері пайдаланылады. 9. Резерв коэффициенті алдыңғы қаржы жылының басындағы қайта сақтандырушының үлесі шегерілген мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасына алдыңғы қаржы жылының соңындағы қайта сақтандырушының үлесі шегерілген мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві сомасының қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 1-ден артық болмауға тиіс. Егер есептеу нәтижесінде алынған резерв коэффициентінің шамасы 1-ден асса, онда есептеу үшін 1 алынады. 4. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері 10. Қызметін «өмірді сақтандыру» саласында жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеу мынадай сақтандыру сыныптары және түрлері бойынша жеке-жеке жүргізіледі: 1) өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша; 2) сақтанушының исламдық сақтандыру ұйымының инвестицияларына қатысуымен өмірді сақтандыруды көздейтін сақтандыру түрі бойынша; 3) жазатайым оқиғалардан сақтандыру және ауырған жағдайдан сақтандыру сыныбы бойынша. Исламдық сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеу үшін осы Нұсқаулықтың 11, 15 және 16-тармақтарына сәйкес алынған сомалар қабылданады. 11. Исламдық сақтандыру ұйымының Нұсқаулықтың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерінің есебі Нұсқаулықтың 12 және 14-тармақтарына сәйкес есептелген мәндердің сомасына тең шаманы білдіреді. 12. Тәуекелі бар капитал теріс мәнді болып табылмайтын, қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері мынадай шамалардың сомасына тең болады: 1) қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша (3 жылға дейінгі мерзімге) – тәуекелі бар капитал сомасының 0,1% Нұсқаулықтың 13-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтіледі; 2) қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша (3 (үш) жылдан бастап 5 (бес) жылға дейінгі мерзімге) – тәуекелі бар капитал сомасының 0,15% Нұсқаулықтың 13-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтіледі; 3) қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандырудың басқа шарттары бойынша – тәуекелі бар капитал сомасының 0,3% Нұсқаулықтың 13-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтіледі. 13. Тәуекелі бар капитал алдыңғы қаржы жылының соңында қолданыстағы қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша олар бойынша қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің сомасына кемітілген жиынтық сақтандыру сомасын білдіреді. Түзету коэффициенті тәуекелі бар капиталға қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының үлесі шегерілген тәуекелі бар капиталдың қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 0,5-тен кем болмауға тиіс. Егер түзету коэффициенті есептеу нәтижесінде алынған шама 0,5-тен кем болса, есептеу үшін 0,5 алынады. 14. Нұсқаулықтың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сыныптар бойынша қалған сақтандыру шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері қалыптасқан сақтандыру резервтері сомасының 4 (төрт) пайызының және осы тармақтың екінші абзацына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтіндісіне тең болады. Түзету коэффициенті алдыңғы қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі шегерілген қалыптастырылған сақтандыру резервтері сомасының алдыңғы қаржы жылының соңында қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің жалпы сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 0,85-тен кем болмауға тиіс. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,85-тен кем болса, онда есептеу үшін 0,85 алынады. 15. «Сақтанушының исламдық сақтандыру ұйымының инвестицияларына қатысуымен өмірді сақтандыру» сақтандырудың түрі бойынша исламдық сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері мынадай шамалардың қосындысына тең мәнді білдіреді: 1) исламдық сақтандыру ұйымы инвестициялық тәуекелге ұшырайтын шарттар бойынша Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6540 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына немесе кірістеріне қатысу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 134 қаулысына (бұдан әрі - № 134 қаулы) сәйкес есептелген ішкі резерв қоры сомасының 4 (төрт) пайызы; 2) исламдық сақтандыру ұйымы инвестициялық тәуекелдерге ұшырамайтын және әкімшілік шығыстарды жабуға бөлінетін қаражат сомасы белгіленген шарттар бойынша № 134 қаулыға сәйкес есептелген ішкі резерв қоры сомасының 1 (бір) пайызы; 3) исламдық сақтандыру ұйымы инвестициялық тәуекелге ұшырамайтын және әкімшілік шығыстарды жабуға бөлінетін қаражат сомасы белгіленбеген шарттар бойынша алдыңғы қаржы жылындағы әкімшілік шығыстар сомасының 25 (жиырма бес) пайызы. 16. Жазатайым жағдайлардан сақтандыру және ауырған жағдайдан сақтандыру сыныптары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері Нұсқаулықтың 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес есептеледі. 5. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебі 17. Нақты төлем қабілеттілігі маржасы: мыналар: исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызметінің мақсаттары үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық активтер шегерілген. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызметінің мақсаттары үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бухгалтерлік есебінде нақты төлем қабілеттілігі маржасын есептеу күніне көрсетілген және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің 10 (он) пайызынан аспайтын оның баланстық құны мөлшерінде алынады. алдыңғы жылдардағы жабылмаған зиян; есепті кезеңдегі жабылмаған зиян; басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар шегерілген төленген жарғылық капиталдың; төленуге тиіс дивидендтер шегерілген алдыңғы жылдардың бөлінбеген кірісінің (оның ішінде қорлар, көзделмеген тәуекелдер резерві, тұрақтандыру резерві, өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған резервтер) сомасы ретінде есептеледі. 18. Нақты төлем қабілеттілігі маржасы нақты төлем қабілеттілігі маржасының немесе төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерінің (қай көрсеткіштің төмендеу болуына байланысты) 50 (елу) пайызынан аспайтын сомадағы реттелген борыш сомасына ұлғайтылады. Сомасы бойынша өтеу мерзімі белгіленген реттелген борыш реттелген борыш сомасының 50 (елу) пайызынан аспайды. 19. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттелген борышы – бұл исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қамтамасыз етілмеген міндеттемесі. Реттелген борыш мынадай талаптарға сәйкес келеді: 1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы нақты алған ақшаның толығымен төленген сомасы ғана есепке алынады; 2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылған кезде Заңның 72-бабында белгіленген кезектілікпен қанағаттандырылады; 3) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны өтейді (толық немесе ішінара), оның ішінде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) қорытындысына сәйкес осындай өтеу кейіннен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтерді сақтамауына әкелмейді деген шартпен мерзімнен бұрын исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша ғана өтеледі; 4) өтеу мерзімі белгіленген реттелген борышты өтеу мерзімі бес жылдан кем болмайды. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтеу күніне дейінгі кем дегенде бір жыл бұрын уәкілетті органға өтеу сәтіндегі нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын береді. Бұл талап реттелген борыш нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебіне мынадай тәртіппен енгізілген жағдайларда қолданылмайды: борышты өтеу мерзімі басталғанға дейінгі бес жылдан асатын мерзім ішінде - борыштың толық сомасын, борышты өтеу мерзімі басталғанға дейін қалған бес жыл ішінде: 1- ші жыл – реттелген борыш сомасының 100 (бір жүз) пайызы; 2-ші жыл - реттелген борыш сомасының 80 (сексен) пайызы; 3-ші жыл - реттелген борыш сомасының 60 (алпыс) пайызы; 4-ші жыл – реттелген борыш сомасының 40 (қырық) пайызы; 5-ші жыл - реттелген борыш сомасының 20 (жиырма) пайызы; 5) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгіленген өтеу мерзімі жоқ реттелген борышты өтеген жағдайда, болжамдалатын өтеу мерзіміне дейін кемінде бес жыл бұрын уәкілетті органға нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын береді. Осы талап исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы реттелген борышты нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебіне енгізбеген, сондай-ақ оны мерзімінен бұрын өтеген жағдайда қолданылмайды. Бұл жағдайда исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осындай өтеуге дейінгі және кейінгі нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын алдын-ала бере отырып, болжамдалып отырған өтеу күніне дейінгі алты ай бұрын реттелген борышты мерзімінен бұрын өтеуге уәкілетті органның қорытындысын алады; 6) реттелген борыш исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды қоспағанда, уәкілетті органмен келісілген күннен басқа күні өтелуге жатпайды; 7) реттелген борыш талаптарын өзгерту уәкілетті органмен келісілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. 20. Нақты төлем қабілеттілігі маржасы Нұсқаулықтың 26-тармағына сәйкес есептелген, қайта сақтандырушының үлесі шегерілген сақтандыру резервтерінің және сақтандыру резервтерін қоспағандағы міндеттемелердің сомасына кемітілген активтермен қамтамасыз етіледі. Егер нақты төлем қабілеттілігі маржасы осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес есептелген активтер сомасымен қамтамасыз етілмесе, онда нақты төлем қабілеттілігі маржасы сақтандыру резервтері мен сақтандыру резервтерін қоспағандағы міндеттемелер шегерілген, сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелімін ескеріп есептелген активтердің арасындағы айырманы құрайды. 6. Кепілдік беру қорының ең аз мөлшері 21. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін кепілдік беру қорының ең аз мөлшері мына шамалардан кем болмауы тиіс: «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін – 600 000 000 (алты жүз миллион) теңге; «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін – 1 100 000 000 (бір миллиард бір жүз миллион) теңге; Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныптары бойынша және сақтандырудың міндетті нысанындағы сыныптарының кез келгені бойынша лицензиясы бар исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін - 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге; қайта сақтандыруды айрықша қызмет түрі ретінде жүзеге асыратын исламдық қайта сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін - 780 000 000 (жеті жүз сексен миллион) теңге. Егер исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті күндегі міндеттемелерінің жалпы көлеміндегі Заңның 6-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сынып бойынша міндеттемелердің үлесі 90 (тоқсан) пайыздан астам болса, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін кепілдік беру қорының ең аз мөлшері 10 (он) пайызға азайтылады. 22. «Ипотекалық сақтандыру» сыныбы бойынша «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар исламдық сақтандыру ұйымы үшін кепілдік беру қорының мөлшері кемінде 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгені құрайды. 7. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі және кепілдік беру қорының нормативі 23. Егер төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері ең аз кепілдік беру қорынан төмен болса, онда төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері ең аз кепілдік беру қорына тең шаманы құрайды. 24. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының немесе кепілдік беру қорының ең аз мөлшері осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайта сақтандырушының қаржылық сенімділік рейтингіне немесе Қазақстан Республикасынының резиденті-қайта сақтандыру ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәніне байланысты қолданыстағы исламдық қайта сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері – исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға берілетін (берілген) міндеттемелер сомасына өсіріледі. Қайта сақтандырушының рейтингтік бағасы немесе төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәні төмендетілген жағдайда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта сақтандырушының рейтингтік бағасын немесе төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәнін қайта сақтандыру шартының қолданыс мерзімі ішінде, бірақ 12 (он екі) айдан аспайтын мерзім ішінде қайта сақтандыру шарты жасалған күні пайдаланады. 25. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі нақты төлем қабілеттілігі маржасының төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшеріне қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі: НТҚМ ТҚМЖН = ----------------- >= 1, ТҚМЕАМ мұнда: ТҚМЖН - төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі; НТҚМ - нақты төлем қабілеттілігі маржасы; ТҚМЕАМ - төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі бірден кем болмауы тиіс. 26. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып олардың құнын есептеуге мыналар кіреді: 1) ақша: қайта сақтандыру активтерін шегергенде исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтері сомасының бір пайызынан аспайтын сомада кассадағы ақша - баланстық құнының 100 (бір жүз) пайызы көлемінде; Нұсқаулықтың 31-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жолдағы ақша - баланстық құнының 100 (бір жүз) пайызы көлемінде; Нұсқаулықтың 31-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ағымдағы шоттардағы ақша - баланстық құнының бір жүз пайызы көлемінде; 2) Нұсқаулықтың 31-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар - Нұсқаулықтың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша көлемдерде; 3) Нұсқаулықтың 31-тармағының 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдары - Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көлемде; 4) «Сақтандыру төлемдерiне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының акциялары - күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, баланстық құнының (есептелген сыйақыны ескергендегі) бір жүз пайызы көлемінде; 5) материалдық емес активтер: исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызметінің мақсаты үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету - жинақталған амортизацияны ескергендегі өзіндік құнның және қайта сақтандыру активтерін шегере отырып, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерінің он пайызынан аспайтын мөлшерде; 6) қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, қайта сақтандыру активтерін алып тастағанда сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасының он пайызынан аспайтын сомадағы сақтандыру сыйлықақылары. Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары сақтанушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының он екіден бір бөлігін немесе жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша бірінші сақтандыру жарнасын төлеген жағдайда Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып олардың құнын есептеуге енгізіледі. Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтанушы қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының он екіден бір бөлігін төлеген жағдайда Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып олардың құнын есептеуге енгізіледі; 7) қайта сақтандыру активтерін шегере отырып, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтар - жинақталған амортизацияны ескере отырып, баланстық құнының бір жүз пайызы көлемінде. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып олардың құнын есептеуге шарт талаптары бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешек, сақтандырып (қайта сақтандырып) қорғаудың қолданыс мерзімі туындамаған сақтандыру шарттары бойынша қалыптасқан дебиторлық берешек, сондай-ақ ірі қатысушылардың, еншілес ұйымдардың, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушы болып табылатын немесе қомақты үлесі бар ұйымдардың, сондай-ақ өзге де үлестес ұйымдардың дебиторлық берешегі енгізілмейді. 27. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта сақтандырушының үлесі шегерілген, сақтандыру резервтері сомасына жоғары өтімді активтер құнының қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептелетін жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативін күнделікті сақтайды: ЖӨА ЖӨАЖН = ------------- ≥1, СР мұнда: ЖӨАЖН - жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі; ЖӨА - Нұсқаулықтың 31-тармағында көрсетілген жоғары өтімді активтердің күнтізбелік күн соңындағы құны; СР - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9529 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 6 мамырдағы № 76 қаулысына (бұдан әрі - № 76 қаулы) сәйкес есептелген қайта сақтандырушының соңғы есепті айдың соңындағы үлесі шегерілген исламдық сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерінің сомасы. Сақтандыру резервтерінің сомасы уәкілетті органға ай сайынғы қаржылық және өзге де есептілікті ұсынған күнге дейін пайдаланылады Жоғары өтімді активтер жеткіліктілігінің нормативі бірден кем болмайды. 28. Нұсқаулықтың 20-тармағына сәйкес Активтердің сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып, жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативін және нақты төлем қабілеттілігі маржасын есептеген кезде сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі сомасына Қазақстан Республикасының резидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен және Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі мына жағдайлардың бірі болғанда енгізілмейді: Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының «Standard & Poor’s» агенттігінің «B-»-тен төмен халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар немесе осы рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағасы жоқ болған; қайта сақтанушыда (цедентте) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы туралы ақпарат, оның ішінде қайта сақтандыру шартын жасаған күннің алдындағы соңғы үш қаржы жылының қаржылық есептілігі және ол тіркелген елдің уәкілетті органының қайта сақтандыру шартын жасаған күнге дейінгі соңғы есепті кезең ішінде төлем қабілеттігі маржасы (меншікті капиталы) бойынша талаптарының сақталуы туралы ақпарат жоқ болған; сақтандыру тәуекелдерін тапсыру кезінде факультативтік қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, қайта сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді орындау валютасы бағамының өзгеруі нәтижесінде асып түсу жағдайын қоспағанда, сақтандыру шарты бойынша сыйлықақы мөлшерінен асып түседі; қайта сақтандыру шарты жауапкершілік көлемінің кемінде (10) он пайызын және сақтандыру сыйлықақысының 50 (елу) пайызынан астамын беруді көздейді; қайта сақтандыру шарты қайта сақтанушының (цеденттің) қайта сақтандыру саясатына, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6113 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысының ережелеріне қайшы жасалған; қайта сақтандыру шартында қайта сақтанушыны (цедентті) және сақтандырылған тұлғаны қоспағанда, қайта сақтанушының (цеденттің) үлестес тұлғасының және (немесе) сақтанушының үлестес тұлғасының сақтандыру сыйлықақысының, пайданың және (немесе) қайта сақтандыру шарты немесе шарттар тобы бойынша қайта сақтанушының кірістері мен шығыстары арасындағы оң айырмасының бір бөлігін алуы туралы талабы бар; қайта сақтандыру шартында шарт немесе көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы бойынша барлық сақтандыру тәуекелдерін немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беру көзделеді. 29. Нұсқаулықтың мақсаты үшін факультативті қайта сақтандыру шарты болып талабы бойынша қайта сақтандырушыда сақтандыруды жабу таратылатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру оқиғасы басталған кезде қайта сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесі, ал қайта сақтанушыда (цедентте) қайта сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысын төлеу, сондай-ақ осы келісімде көзделген өзге міндеттемелерді орындау міндеті туындайтын, қайта сақтанушы (цедент) және қайта сақтандырушы арасындағы келісім танылады. 30. Уәкілетті орган «Standard & Poor’s» агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа «Moody’s Investors Service», «Fitch» және «A.M. Best» агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын да мойындайды. Бұл ретте A.M. Best агенттігінің рейтингтік бағалары Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес «Ең төменгі төлем қабілеттілігі маржасының немесе кепілдік беру қорының ең аз мөлшерін ұлғайту сомасы» нысанын толтыру мақсаттары үшін ғана пайдаланылады. Нұсқаулықтың мақсаттары үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұзақмерзімді кредиттік рейтингтері, қаржылық тұрақтылығы рейтингтері немесе Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетілген оларға сәйкес келетін рейтингтер пайдаланылады. 31. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мынадай активтері жоғары өтімді активтер ретінде танылады: 1) қайта сақтандыру активтерін шегергенде исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасының бір пайызынан аспайтын сомадағы кассадағы ақшасы; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдары; 3) мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін: Standard & Poor’s агенттігінің «ВВ-»-тен төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s ұлттық шкала бойынша «kzBB»-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар; Қазақстан Республикасының бейрезидент бас банктерінде Standard & Poor’s агенттігінің «А-»-тен төмен емес шетел валютасында ұзақмерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктер болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары; 4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылған) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары; 5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын «Қазақстан қор биржасы» (бұдан әрі - қор биржасы) акционерлік қоғамының ресми тізіміне енгізілген облыстардың, республика